1. Басты бет
  2. Компания туралы

Компания туралы

«TIMAL CONSULTING GROUP» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
«Timal Consulting Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылдың сәуірінде мұнай және газ өнеркәсібі саласында кең ауқымды консалтингтік қызметтер көрсету мақсатында құрылды, атап айтқанда:
  • Жер қойнауын геологиялық зерттеу, ТКЖТЖ және ЗТЖ құрастыру;
  • ЗТЖ және ТКЖТЖ жобалық құжаттамасын құрастыру;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар мен қызметтер көрсету;
  • Жобаларды келісу және сүйемелдеу.
Компанияның заманауи, жақсы жабдықталған кеңсесі Қазақстан Республикасында, Алматы қаласында орналасқан. Қызметкерлер саны аз болғанына қарамастан, тәжірибе, біліктілік және инновациялық көзқарас қызметтерді сапалы әрі уақтылы орындауға мүмкіндік берді. 2011 жылы компания Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне компанияның атауы мен логотипін тіркеуге өтінім берді. 2012 жылдан бастап компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібі үшін компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтама әзірлеу саласында қызметтер көрсете бастады. 2014 жылы компания шаруашылық және өзге де қызметтің 1 санаты үшін табиғат қорғау жобалау мен нормалау жұмыстарын орындау құқығымен қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар мен қызметтер көрсетуге бас лицензия алды. 2016 жылы компания Атырау қаласында өкілдігін ашты. Компанияның филиалында штатында жоғары білікті мамандар бар. Компанияда қолданыстағы Менеджмент жүйесі көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, ұйым жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы қауіптерге ұшырауы мүмкін персонал мен барлық мүдделі тараптардың тәуекелдерін жою және азайту үшін құрылған. Компания қызметкерлерінің штаты үнемі өсіп, жоғары білікті мамандармен толықтырылуда. Қазіргі уақытта компанияда 45-тен астам адам жұмыс істейді.
«TIMAL CONSULTING GROUP» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСУРСТАРЫ
«Timal Consulting Group» ЖШС өз құрамында мұнай-газ саласында, сондай-ақ бағдарламалау мен үлгілеу саласында үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандарды ұстайды. Компанияның еңбек ресурстары үнемі өсіп, жаңа қызметкерлермен толықтырылуда. Бүгінгі күні компанияның штаты 45-тен астам қызметкерді құрайды:
  • Геологиялық жобалау және қорларды есептеу департаменті — 5 адам;
  • Геологиялық үлгілеу департаменті — 3 адам;
  • Петрофизика департаменті — 4 адам;
  • Игеруді жобалау департаменті — 10 адам;
  • Гидродинамикалық үлгілеу департаменті — 3 адам;
  • Технология және өндіру департаменті — 5 адам;
  • Жер үсті жобалау департаменті — 6 адам;
  • Бағдарламалық жасақтаманы жобалау департаменті — 3 адам;
  • IT сүйемелдеу және деректер қоры департаменті — 5 адам;
  • Қаржы, бухгалтерлік есеп, құқықтық қамтамасыз ету және келісімшарттар департаменті — 5 адам.
Жұмыстарды орындау және жоғары сапалы қызметтер көрсету үшін компанияда қажетті бағдарламалық жасақтаманың бәрі бар:
  • Petrel БЖ — геологиялық үлгілеу пакеті;
  • «T-Navigator» БЖ — мұнай-газ конденсат кен орындарын игеру нұсқаларының гидродинамикалық есептеулерін жүргізуге арналған пакет;
  • Eclipse БЖ — мұнай-газ конденсат кен орындарын игеру нұсқаларының гидродинамикалық есептеулерін жүргізуге арналған пакет;
  • «Excel» БЖ — кен орнын игеру нұсқаларының экономикалық тиімділігін құру және есептеу;
  • «AutoCAD LT 2013 Commercial New SLM» БЖ — өнеркәсіптік объектілердің сызбаларын құру, рәсімдеу және егжей-тегжейлеуге арналған бағдарламалық пакет;
  • «CorelDRAW Graphics Suite X7» БЖ — графиканы кәсіби өңдеу үшін бағдарламалық пакет;
  • «ЭРА» БЖ (ЭРА-Ауа, ЭРА-Қалдықтар, «ЭКОЛОГ» УПРЗА) — атмосфераға экологиялық шығарындылар мен ластаушы заттарды есептеуге арналған пакет;
  • Ocean SDK — Petrel плагиндерін әзірлеу;
  • IP™ Software — ҰГЗ деректерін қалыпқа келтіру және түсіндіру;
  • «Баспро Оптима» БЖ — мұнай-газ кен орындарының күрделі геологиялық-техникалық үлгілерін құру, сапасын бағалау және пайдалануға арналған пакет.