«Timal Consulting Group» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

«Timal Consulting Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылдың сәуір айында мұнай және газ өнеркәсібі саласында консалтингілік қызмет көрсетулердің кең спектрін, атап айтқанда:

  • Жер қойнауын геологиялық зерттеу, ҒЗТҚЖ және ҒЗЖ құрастыру;
  • ҒЗЖ мен ҒЗТҚЖ жобалық құжаттамасын құрастыру;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызмет көрсету;
  • Жобаларды келісу және сүйемелдеу

қызметтерін ұсыну мақсатында құрылған болатын

Компанияның заманға сай, жақсы жабдықталған кеңсесі Қазақстан Республикасында Алматы қаласында орналасқан. Қызметкерлер санының аздығына қарамастан, олардың тәжірибесі, біліктілігі мен инновациялық көзқарасы уақытында және сапалы қызмет көрсетіп отыруға мүмкіндік берді.

2011 жылы компания Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетіне Компанияның атауы мен логотипін тіркеу туралы өтінімін ұсынды.

2012 жылы Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібіне арнап компьютерлік программалау және программалық қамтуды әзірлеу қызметтерін ұсыну жұмысын бастады.

2014 жылы компании шаруашылық және өзге қызметтің 1-категориясына арнап табиғат қорғаумен жобалау, нормалау жұмыстарын орындау құқығымен қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге арналған бас лицензияға ие болды.

2016 жылы компания Атырау қаласында өкілдігін ашты. Компания филиалының штаты жоғары білікті мамандармен қамтылған.

Компанияда қолданылатын Менеджмент Жүйесі ұсынылып отырған қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға жағымсыз әсерін барынша азайту, ұйым жүзеге асыратын қызмет түрлерімен байланысты кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы қауіп-қатерге түсіп отыруы мүмкін қызметкерлер мен барлық мүдделі тараптар тәуекелдерді азату үшін құрылған.

Компанияның қызметкерлер штаты жоғары білікті мамандармен үнемі көбейіп және толықтырылып отырады. Қазіргі сәтте компанияда 45 астам адам жұмыс істейді.

«Timal Consulting Group» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСУРСТАРЫ

«Timal Consulting Group» ЖШС-ның командасында мұнай-газ саласында, сондай-ақ программалау және үлгілеу саласында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие жоғары білікті мамандар бар.

Компанияның еңбек ресурстары үнемі өсіп және жаңа қызметкерлермен толықтырылып отырады.

Қазіргі сәтте компания штаты 45 астам қызметкерді құрайды:

  • Геологиялық жобалау және қорларды есептеу департаменті – 5 адам;
  • Геологиялық үлгілеу департаменті – 3 адам;
  • Петрофизика Департаменті – 4 адам;
  • Әзірлемені жобалау департаменті – 10 адам;
  • Гидродинамикалық үлгілеу департаменті – 3 адам;
  • Технология және кен өндіру департаменті -5 адам;
  • Жерүсті жобалау департаменті – 6 адам;
  • Программалық қамтуды жобалау департаменті – 3 адам;
  • IT сүйемелдеу және деректер қоры департаменті – 5 адам;
  • Қажы, бухгалтерлік есепке алу, құқықтық қамту және келісімшарттар департаменті – 5 адам.

Жұмыстарды орындау үшін және жоғары сапалы қызмет көрсету үшін компанияның барлық қажетті программалық қамту құралдары:

  • Petrel БҚ – геологиялық модельдеу пакеті.
  • «T-Navigator» БҚ – гидродинамикалық есептеу, мұнай және газ конденсаты кен орындарын әзірлеу үшін нұсқаларына арналған пакеті;
  • Eclipse БҚ – гидродинамикалық есептеу, мұнай және газ конденсаты кен орындарын әзірлеу үшін нұсқаларына арналған пакеті;
  • «Excel» БҚ- кен орнын игеру нұсқаулардың экономикалық тиімділігін құру және есептеу.
  • ПО «AutoCAD LT 2013 Commercial New SLM»- өнеркәсіптік объектілерді құру, жобалау және егжей-тегжейлі сызбалар үшін бағдарламалық пакет;
  • ПО «CorelDRAW Graphics Suite X7»- кәсіби графикалық өңдеуді құру үшін бағдарламалық пакеті;
  • ПО «ЭРА» (ЭРА-Воздух, ЭРА-Отходы, УПРЗА «ЭКОЛОГ») – қоршаған ортаға эмиссия және ауаны ластаушыларды есептеуге арналған пакеті;
  • Ocean SDK- Petrel плагиндерін құру;
  • IP™ Software – ГАЖ деректерін қалыпқа келтіру және интерпретациялау;
  • ПО «Баспро Оптима»- мұнай және газ кенорындарының күрделі геологиялық-техникалық модельдерін құрау, сапасын бағалау және пайдалану пакеті.